«Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру»

6 желтоқсан күні Бастау ауылы № 2ОМ-де қазақ  тілі және  әдебиеті онкүндігі шеңберінде:  «Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық  ойлау қабілетін   қалыптастыру» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді.  7- ші сыныптағы жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген ашық сабақты  жоғары санатты беру бойынша аттестатталушы  мұғалім  Кенжебаева Зухра Куанышбековна  «Қазақтың дәстүрлі әндері» тақырыбындағы  қазақ  тілі сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына қойылатын талаптарға сәйкес, оқушылардың сабаққа дайындығын және дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың оңтайлы мазмұны анықталды. Мұғалім ізденіспен озық технологияның әдіс - тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білді. Оқушылардың өзіндік пікір білдіру дағдыларын дамытып, коммуникативтік дағдыларын  жетілдіруге  бағытталған  әр алуан жұмыс түрлері қолданылды. Жиналғандар жұмыс жүйелілігін, мұғалімнің кәсіби шеберлігін, оқушылардың жақсы білімін ерекше атап көрсетті.

Автор: Ашимова Б.Т.
Просмотров: 120
Дата создания: 7 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 7 Декабря 2017 г.