Список документов
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының ережелері

1. «Сөз шеберлерішеберлері» конкурсы
Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарыс.
Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
Шарттары: 
Қатысушы 
1 прозалы немесе 1 поэзиялық шығарманы (немесе үзінді) жатқа оқиды.
Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, Отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;
«Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:



Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу


Ұлттық құндылықтарды насихаттау 


1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері


1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай

II. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы
Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы. 
Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.
Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын жазбаша сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары 5–9-сыныптың қазақ тілі пәнінен (қазақ және орыс тобы) құрастырылады. Тапсырма түрлері: дұрыс-бұрыс, жұптастыру, бос орынды толтыру,  тест сұрақтары т.б. 2-бөлімнің тест сұрақтары 7–9-сыныптардың қазақ әдебиеті пәнінен (қазақ және орыс тобы) құрастырылады.
Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады. 
III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы
Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.
Шарттары: 
Қатысушылар қазақ халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды.
Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, Отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын әндер болу керек;
Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.
Ән 
жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.
Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.
Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары: 



Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу


Ұлттық құндылықтарды насихаттау


1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері


1) вокалы
2) әуені 

3) киімі


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай

IV. «Жас ғалымдар» конкурсы
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы. 
Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.
Шарттары: 
Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек. 
Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.
Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).
Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.
Қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
Қорғаушыға берілетін уақыт мөлшері 10 минуттан аспау керек.
«Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

 


Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі


Тың тақырып, жаңалығы


1) ғылыми жоба талап-тарына сай орындалуы
2) дизайны 


1) Киім

2) Уақыт


Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай


5 ұпай


V. «Жазушылар» конкурсы
Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.


Эссе тақырыбы – қазақ тарихы, мәдениеті, әдебиеті ,

 Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолы, жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.
Шарттары: 

Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады; 
Эссе көлемі 2 беттен кем болмау керек;
Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 90 минут.
VIІ. Конкурстардың өтетін орны мен уақыты:
«Сөз шеберлері» ,«Жас ғалымдар» , «Жазушылар» ,«Әнші-бұлбұлдар»,  конкурсы  қарашаның 28-і  күні, «Атбасар  қаласы № 5 ОМ өтеді.
Конкурстардың басталуы сағат 10-00
 , тіркеу сағат 920-    945

Қосымша №1
Сұраныстарды осы үлгімен 2013 жылғы  қарашаның 22-іне дейін  жіберуіңіз сұралады:

 


Аты-жөні


мектеп


сыныбы

оқыту тілі


ұлты


Конкурс атауы


Тақырыбы


Мұғалімнің аты-жөні


1


Ибрагимов Қанат Сұлтанбекұлы


№9 мектеп


10,орыс


қазақ


Сөз шеберлері


М.Шаханов «Төрт ана»


Әсетова Айна Болатқызы

 

Автор: Смагулова Р.Н.
Просмотров: 6016
Дата создания: 15 Ноября 2013 г.
Дата редактирования: 15 Ноября 2013 г.
www.egov.kz
Опрос