Список статей
Информационое письмо

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

«Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

Ақпараттық хат

«Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» 2014 жылдың 11 желтоқсаны күні «Білім беру жүйесін кешенді жаңарту - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолы» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференция өткізетінін хабарлайды.

Өткізілу күні: 2014 жылдың 11 желтоқсаны. Конференцияның басталуы 10.00. (Астана уақыты).

Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 71, «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ».

Конференция қатысушылары: профессорлық- педагогикалық құрам, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының мамандары, ЖОО оқытушылары, ББ, А (Қ) ББ әдіскерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, директор орынбасарлары мен білім беру мекемелерінің педагогтары.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен білім беру жүйесін жаңарту бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу мен тарату

Конференцияның міндеттері:

білім беру жүйесін жаңғырту бойынша тиімді жұмыс тәжірибесін айқындау;

білім беру ортасына инновацияларды енгізудің тиімді басқарушылық әдістері мен технологияларын анықтау;

технологияландыру  бойынша білім беру кеңістігі тәжірибелік алаңының, білім беру мекемелерінің педагогтары мен басшыларының тиімді тәжірибесін тарату.

 

Конференция төмендегі бағыттар бойынша өткізіледі:

1.ҚР білімін жаңғыртудың ғылыми- әдістемелік негіздері (профилизация, технологияландыру, ақпараттандыру, жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттілік әдістер);

2.Оқушылар тұлғасының әлеуметтенуінің басты бағыты ретінде профилизация;

3.Оқытудың түпкі нәтижесін арттырудың тиімді жолы - технологияландыру;

4.Білімді дамытудың заманауи кезеңінде АКТ дамыту сұранысы;

5.Білім беру үрдісін ұйымдастыруға инновацияларды енгізуді басқару.

 

Конференция жұмысының формалары:

1 секция «Білім беру үрдісін ұйымдастыруға инновацияларды енгізуді басқару»

2 секция «Технологияларды енгізу негізінде орта және негізгі мектептерде білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру»

3 секция «Білім беру технологияларын енгізу арқылы 1-4 сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру»

4 секция «МБМ жүйесінде баланың оқу - танымдық қабілеттерін дамыту»

 

 

«Білім беру жүйесін кешенді жаңарту - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолы» атты Халықаралық конференция ережесі

 

Мемлекеттің білім беру жүйесіне инновацияларды енгізу мен жаңғыртуға байланысты стратегиялық міндеттерін шешу қоғамдық санасында тиісті өзгерістерді, жаңа типті тұлғаның қалыптасуын талап етеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Зияткерлі ұлт- 2020» ұлттық жоба идеясын хабарлай арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгеру, білімді өңдеу, жаңа шешімдер, технологиялар мен инновациялар табу талап етілетініне ерекше көңіл бөлді.

 Қазіргі таңда айналадағы ақпараттың өзгеру жылдамдығы соншалықты тез, жаңа технологиялар, жаңа техниканың, табиғаттың жаңа көріністерінің пайда болатындығынан оқу барысында білімнің қомақты бөлігі қолдануға жарамсыз болады.

Сабақ қазіргі заман мектебінде оқуды таратудың формасы болып табылады. Сондықтан да замануи сабақ әрдайым даму формасы болып қарастырылады. Бұл дамудың басты бағыты тек мұғалім шығармашылығының емес, сонымен қатар оқушы қызметінің нәтижесі болады. Сабақтың сапасы мен тиімділігі оның ұйымдасуынан ғана емес, сонымен бірге оны жасау мен өткізуге қатысты негізгі мәселелердің шешілуінен, заманауи білім беру технологияларын қолдануға байланысты және оқудың тиімділігіне қол жеткізуге бағытталған.

Институт қызметінің бір бағыты мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және кәсіби білім беру мекемелерінің білім беру үрдісіне инновационды технологияларды енгізу болып табылады. 2011 жылы Ақмола облысының  білім беру мекемелерінің оқу үрдісін технологияландыру  бойынша тәжірибе басталды. Тәжірибеге білім берудің 20 мекемесі қатысты: 2 қала (Көкшетау, Степногорск), және 5 аудан (Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары). Соның ішінде 18 жалпы білім беру мектептері мен 2 балабақша, 91 педагог пен 712 оқушы. Қазіргі кезде бұл жоба аяқталуға жақын. Тәжірибе қатысушылары төмендегі авторлардың технологияларын таңдады: М.Жанпеисова, Ж.Караев, П.Эрдниев, В.Шаталов, Г.Галиев, Е.Пассов, И.Якиманский, В.Зайцев, В.Монахов, В.Занков.

Қазіргі таңда оқуды технологияландыру әр мектепке, әр мұғалім мен оқушы үшін сұранысқа ие болды. 12-жылдық білім беруге технология тұрғысынан дайын Республиканың педагогтары үшін инновационды технологиялар бойынша дидактикалық және әдістемелік материалды пән мұғалімдері дайындайды.

Жоғарыда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында және «Өрлеу» БАҰО АҚ тақырыптық жоспарына сәйкес «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Білім беру жүйесін кешенді жаңарту - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолы» атты Халықаралық конференция өткізеді.

Іс-шараның аяқталуы алдыңғы қатарлы бағытты өндіру, ұсыныстар жасау мен конференция материалдарының электронды жинағын басып шығару болып табылады.

Конференцияға қатысу үшін материалдар мен өтінім электронды түрде 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін мерзімде төмендегі e-mail бойынша қабылданады: ipk77@mail.ru, akm@orleu-edu.kz

 

Тіркелу формасы:

 

1.         Аты - жөні (толық)__________________________________

2.         Ғылыми дәрежесі, атағы______________________________

3.         Жұмыс орны (лауазымы) ____________________________

4.         Байланыс телефоны_________________________________

5.         Е-mail_____________________________________________

6.         Секция____________________________________________

7.         Іс                                                                                                                                                                                                                                                                                            - шара атауы______________________________________

 

Материалды рәсімдеу талаптары

•          Мақала көлемі 3-тен 5 бетке дейін А-4 үлгіде болуы керек;

•          “Times New Roman” әріпі, кегль- 12, интервал- 1, бос жер- 1,25; бет параметрі: жоғарғы- 2см, төменгі- 2см, солғы- 2,5 см, оңғы- 1,5 см;

•          Мақала тексерілуі тиіс. Бір автор 2 мақала тапсыруы мүмкін.

•          Жоғарғы оң бөлікте автордың аты - жөні көрсетіледі;

•          Төменде - лауазымы, ғылыми дәрежесі, мекеме, облыс, қала (аудан) көрсетіледі;

•          Мақала атауы қалың қаріппен, ортаға жазылады;

•          Мақала мен өтінім бір құжатқа жиналуы керек.

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан

  Акционерное общество «Национальный центр повышения квалификации  «Өрлеу»                                   Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических                                           работников по Акмолинской области

 

Информационное письмо

Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических работников по Акмолинской области сообщает о том, что 11 декабря 2014 года проводит Международную научно-практическую конференцию «Комплексная модернизация системы образования как путь реализации ГПРО РК на 2011-2020 гг»

Дата проведения: 11 декабря 2014 год. Начало конференции 10.00 ч. ( время астаниниское)

Место проведения:  Республика  Казахстан, Акмолинская область,  г Кокшетау, улица Абая, 71, филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических работников по  Акмолинской области.

Участники конференции: профессорско – преподавательский состав, специалисты филиалов АО «НЦПК «Өрлеу», преподаватели ВУЗов, методисты УО, Р(Г) ОО, руководители образовательных учреждений, заместители директоров  и педагоги организаций образования.

Цель конференции:  обмен и распространение опыта работы по модернизации системы образования и реализации ГПРО РК на 2011-2020 г

Задачи конференции:

- выявить позитивный опыт работы по модернизации системы образования;                                                                                                                                                        - определить эффективные управленческие технологии и методы управления внедрением инноваций в образовательную среду;                                                           

- распространить эффективный опыт руководителей и педагогов организаций образования  -экспериментальных площадок по технологизации образовательного пространства.

 

Работа конференции будет проводиться по следующим направлениям:

1.      Научно – методологические основы модернизации образования РК (профилизация, технологизация, информатизация, личностно – ориентированный и компетентностный подходы);

2.      Профилизация как ведущее направление в социализации личности учащихся;

3.      Технологизация – эффективный путь повышения конечного результата обучения;

4.      Востребованность развития ИКТ – технологий на современном этапе развития образования;

5.      Управление внедрением инноваций в организацию образовательного процесса.

 

Формы работы конференции:

Секция 1 «Управление внедрением инноваций в организацию образовательного процесса»

Секция 2 «Повышение эффективности образовательного процесса в основной и средней школе на основе внедрения технологий»

Секция 3 «Формирование функциональной грамотности школьников 1-4 классов через внедрение образовательных технологий»

Секция 4 «Развитие учебно – познавательных способностей ребенка в системе ДОО»

 

 

Положение

о  Международной конференции                                                                                                                                         «Комплексная модернизация системы образования как путь реализации

ГПРО РК на 2011-2020 гг»

 

       Решение стратегических задач государства, связанных с модернизацией и внедрением инноваций в системе образования, требует соответствующих изменений в общественном сознании, формирования нового типа личности. Заявляя об идее национального проекта «интеллектуальная нация – 2020» Президент Республики Казахстан Н. Назарбаев подчеркивал, что наиболее востребованным является владение критическим мышлением, умением перерабатывать знания, рождать новые решения, технологии и инновации.

       Сегодня информация в окружающем мире меняется с такой скоростью, что за все время обучения значительная часть знаний устаревает, так как появляются новые технологии, новая техника, открываются новые явления природы.

      Урок был и остается распространенной формой обучения в современной школе. Поэтому современный урок рассматривается как постоянно развивающая форма. Главное направление этого развития стал результатом творчества не только учителя, но и учащихся. Качество и эффективность урока зависят не только от того, как он организован, но и от того какие основополагающие вопросы решаются, связанных с его разработкой и проведением, использованием  современных образовательных технологии и направлены на достижение наибольшей эффективности обучения. 

      Одним из направлений деятельности института является внедрение инновационных  технологий в практику образовательного процесса дошкольных, общеобразовательных и профессиональных организаций образования. В 2011 году был запущен эксперимент по технологизации учебного процесса в организациях образования Акмолинской области. В эксперименте было задействовано 20 организаций образования: 2 города (Кокшетау, Степногорск) и 5 районов (Атбасарский, Буландынский, Бурабайский, Зерендинский, Сандыктауский районы). В том числе 18 общеобразовательных школ  и 2 школы-сада, 91 педагог и 712 учащихся.  На данный момент идет завершение данного проекта. Участниками эксперимента были выбраны технологии следующих авторов: М. Жанпеисовой, Ж.Караева, П. Эрдниева, В.Шаталова, Г. Галиева, Е. Пассова, И. Якиманской, В. Зайцева, В. Монахова, В. Занкова.

  Сегодня  технологизация обучения стала востребованной  для каждой школы, каждого учителя и ученика. Подготовку методического и дидактического материала по инновационным технологиям обучения для педагогов Республики,  которые должны войти  в 12-летнее образование технологически подготовленными, осуществляют    учителя-предметники.

В целях выполнения вышеуказанных задач и в соотвествии с тематическим планом  АО Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»         Институт повышения квалификации педагогических работников по Акмолинской области проводит Международную конференцию  по теме: «Комплексная модернизация системы образования как путь реализации ГПРО РК на 2011-2020 гг».

   Завершением мероприятия станет выработка передовых направлений, принятие рекомендаций и издание электронного сборника материалов конференции.

Материалы и заявка на участие в конференции принимаются в электронном варианте до 5 декабря 2014 года по е-mail:  ipk77@ mail.ru, akm@orleu-edu.kz

 

                                  Регистрационная форма

1.Фамилия, имя, отчество (полностью)_____________________________________

2. Научная степень, звание________________________________________________

3. Место работы (должность)______________________________________________

4. Контактные телефоны___________________________________________________

5.Е- mail_________________________________________________________________

6. Секция________________________________________________________________

7. Название мероприятия___________________________________________________

 

Требования к оформлению материалов:

·         Объем статьи должен составлять от 3 до 5 страниц, формат страницы А – 4;

·         Шрифт «Times New Roman», кегль  - 12, интервал – 1, отступ – 1,25; поля страницы: верхнее – 2 см, нижнее – 2 см, слева – 2,5 см, справа – 1,5 см;

·         Статья должна быть проверена. Один автор может подать 2 статьи;

·         В правом верхнем углу указывается фамилия, имя, отчество автора;

·         Ниже  - должность, ученая степень, организация, область, город (район);

·         Название статьи пишется жирным шрифтом, с выравниванием по центру;

·         Статья и заявка должны быть собраны в одном  документе;

 

Автор: Едрисова Р.Б.
Просмотров: 1204
Дата создания: 19 Ноября 2014 г.
Дата редактирования: 19 Ноября 2014 г.
www.egov.kz
Опрос