Список статей
«Мен және менің балам»

Ұлым - менің жалғасым!

Ұлым барда иілмейді хан басым!

Ұлы бабам салған жолды осы

ұлым ұрпағымен ұлы күнге жалғасын!

Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі - ол отбасы. Әрбір адамның өз отбасы бар. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар. Біз бір-бірімізді әрдайым қолдап, қол ұшын беруге дайынбыз. Менің түсінігімде отбасы қуанышты да, өмірдің бар қиындығын да бірге көріп жеңеді. Бақытты өмір сүру – ол өміріңнің жалғасының куанышын көру. Әрбір адам баласы өз отбасымен бірге бақытты бейбіт өмір сүрсе екен, деп тілеймін. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізі – баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік – мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру жақсы тәрбие беру. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол» дейді. «Отбасы шағын мемлекет» демекші менің отбасымда бір қызым мен бір ұлым бар. Олар өмірімнің шырағы, нұры, куанышы. Балаларым  Атбасар қаласындағы №8 қазақ орта мектебінде оқиды. Ұлым Нұрнияз ерекше бала, өз дертіне қарамастан 7 сыныбының  алға тартар оқушыларының бірі.  Әр түрлі үйірмелерге қатысып, көптеген жүлделері бар, ұлымның осындай жетістіктерін мен мақтан тұтып әрдайым өзімнің ақылымды айтып отырамын. Мектептің іс – шараларына белсене қатысады. Достары өте көп деп айта аламын, себебі әрдайым жолдастарымен кездесіп бір – біріне көмектесіп отырады. Баламды әрқашан қолдап отыруға тырысамын, кеңес беріп, ақыл айтып отырамын. Әрине, әр отбасының  қиыншылықтары болады, сол қиыншылықтарды біз отбасымызбен бірге шешуге тырысамыз. Баламның көзінен жас көрсем, жүрегім езіліп кете жаздайды. Осы балам дерттен жазылып, дені сау, құрдастарымен тең болуды күні – түні алладан тілеймін. Нұрниязымның  мейірімді мінезі, жүрегінің жылуы, көңілінің ашығы ешкімді жағында қалдырмайды. Отбасының жемісі тәрбиелі ұл мен қыз дегендей осы Алланың берген ұл қыздарына тәрбиемді беріп келемін. Осы Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқанымызға өте ризамын. Елімізде бейбітшілік, тыныштық, бірлік болсын. Қазақтың әр отбасының шаңырақтары биік болып, керегесі кең, еліміз аман, жұртымыз тыныш, балаларымыздың балалық шағы бақытты, баянды болсын.  

Автор: Муканова Айнаш Толегеновна Сагиндык Нұрнияздың анасы
Просмотров: 181
Дата создания: 16 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 16 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос